АНТИКОР АРҚАЛЫҚТА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

АНТИКОР АРҚАЛЫҚТА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Арқалық қаласында су тазарту құрылыстарын салуды кешіктіру фактілерін анықтады.

Халықпен көшпелі кездесулер барысында Департамент басшысы Бауыржан Ұзынжас Арқалық қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан Үштөбе ауылындағы су құбырын тексерді. 233 млн. теңгеге конкурста жеңіске жеткен Компания 2021 жылдың соңына дейін ауыл тұрғындарына су беруге уәде берген, алайда жұмыстың төмен қарқынына байланысты нысан белгіленген мерзімде пайдалануға берілмеген.

2022 жылы жобаны аяқтауға бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін Арқалық әкімдігі "Данекер" ЖШС мердігерлік ұйымын жосықсыз өнім беруші деп тану туралы сотқа жүгінген. Нәтижесінде, құрылыс кешіктіріліп, сот талқылауы жүріп жатқанда, ауыл тұрғындары сырттан көлікпен әкелінген суға зар болып отыр.

Арқалық қаласының әкімі Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшылығына мердігер негізгі ақауларды жойып, жақын арада осы жылдың желтоқсан айында су беруді іске қосуға мүмкіндік беретін жабдық орнатылатынына сендірді.

Қоғам белсенділері қатысуымен Жангелдин ауданындағы Торғай ауылындағы нысан да қаралды. Мұнда су бар, бірақ тұрғындар оның сапасына шағымданады.

Бұрын осы объект бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 26,8 млн тнг сомасына жымқыру белгілері анықталды. Қазіргі уақытта Жангелдин ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Аудан басшылығының айтуынша, бүгінгі таңда қажетті реагенттер сатып алынды, жақын арада суды тазарту сүзгілері ауыстырылады, СЭС талдауы бойынша су лайлылығының концентрациясы нормативке сәйкес келеді.

Проблемалық объектілерді тексергеннен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арқалық қаласының, сондай-ақ Амангелді және Жангелді аудандарының азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңестің отырысын өткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша Антикор басшылығы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нақты ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында жұртшылық өкілдеріне Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға белсенді қатысуға, қорытынды мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға жеткізе отырып, бастамашыл мониторингтер жүргізуге ұсынылды.

Айта кетейік, екі күн бойы Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы "Әділдік жолы" өкілдерімен бірлесіп Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Сапар барысында Департамент басшысы проблемалық құрылыс алаңдарында болып, халықпен кездесіп, жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.

СЖҚІА Қостанай облысы бойынша департаменті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Tresa 15 октября 2023 17:28

    Wonderful beat ! I wish to apprentice while you amend your website, how could i subscribe for a blog
    website? The account aided me a acceptable deal.
    I had been tiny bit acquainted of this your broadcast offered bright clear concept

    Also visit my web-site :: acheter cytomid en Allemagne

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив