Петропавлда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған тақырыптық брейн-ринг өтті

Петропавлда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған тақырыптық брейн-ринг өтті

С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың коворкинг-орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты Петропавл қаласының жастары арасында зияткерлік ойын өтті.

Іс-шараға Петропавл қаласының жастар ұйымдары, М.Қозыбаев атындағы СҚУ «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің және жас кітапханашылардан жасақталған командалар қатысты.

Ойын 2 кезеңнен тұрды. Жалпы командалар берілген тақырып бойынша 40 сұраққа жауап берді.

Кейбір тапсырмалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуді талап етсе, ал кейбіреулерінде логика мен тапқырлықты көрсету қажет болды.

Команда өкілдері үшін ойын форматы қызықты болды. Олар теорияны зерттеп қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ситуациялық жағдайларды талдай алды.

Өз кезегінде, Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бұл іс-шаралар жас солтүстікқазақстандықтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмыстың негізі болып табылатынын атап өтті.

«Соңғы жылдары Қазақстан, ең алдымен, мемлекеттік аппарат пен жұртшылықтың бірлескен жұмысының арқасында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша елеулі қадамдар жасады. Тәрбие мен білім беру процесі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу біздің қызметіміздің басты басымдығы болып табылады», - деді Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды кітапхананың жас қызметкерлері командасы, екінші орынды – жастар үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және үшінші орынды – Университеттің белсенділері иеленді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив