Астана полицейлері оқу орнында терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша семинар өткізді

Астана полицейлері оқу орнында терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша семинар өткізді

Елордалық полицейлер террористік тұрғыдан осал объектілерді үнемі тексеріп отырады. Терроризмге қарсы қауіпсіздікті тексеру барысында Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері басшылармен және қызметкерлермен ТТО объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуын түсіндіре отырып, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізуде.  Бұдан басқа, жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша күдікті зат табылған кездегі қызметкердің іс-әрекеттері түсіндіріледі. Терроризм актісінің жасалу қаупі төнген кезде бірінші кезектегі іс-қимылдарды білуін тексеруге ерекше назар аударылады. 

Сондай-ақ, Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының осы бөлімшесінің қызметкерлері 2 балалар музыка мектебінің қызметкерлерімен семинар өткізді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған іс-әрекеттері туралы жадынамаларды таратумен бейнероликтер көрсетілді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны жеткізілді.

Астана қ. ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив