Полиция қызметкерлері 100 жастағы ҰОС ардагеріне әлеуметтік көмек көрсетті

Полиция қызметкерлері 100 жастағы ҰОС ардагеріне әлеуметтік көмек көрсетті

Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиеттерінің бірі – қарияны құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Дей тұрғанмен, кейбір қарияларымыздың сый-құрметке бөленбей, үй шаруасын жалғыз өзі атқарып жүргені қынжылтады.

Қарт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік  органдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Егде жастағы адамдар өздерінің жасына және денсаулығына байланысты қылмыс жасаудың қол жетімді нысаны бола алады. Қарттардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан қарт адамдарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін, сондай - ақ қажетті көмек көрсету - полиция қызметкерлерінің әдеттегі ісі.

Өскемен қ. ПБ қабылдау-тарату орнының қызметкерлері ҰОС ардагері Анастасия Павловна Светочеваға тұрғылықты жеріне барып, көмек көрсетті.

Анастасия Павловна 1922 жылы 11 қарашада ШҚО Күршім ауданы Буденовка ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Ленинград тоқыма институтына түсіп, оны 1941 жылы бітірген. Сол жылы өз еркімен кеңес әскерінің қатарына қосылып, соғысқа аттанды. Соғыс ардагеріне ерліктері үшін "ҰОС қатысқаны үшін", "Қызыл Жұлдыз", "Германияны жеңгені үшін" сияқты көптеген медальдар мен ордендер табысталды. Қазір қарт әйел жалғыз тұрады, жақын туыстары жоқ.

Аталған бөлімшенің медицина қызметкерлері тексеру жүргізіп, ұсыныстар берді. Өскемен қ. ПБ қызметкерлерімен ардагерге әрі қарай да әлеуметтік көрсетілетін болады. Екі ғасырдың куәгері Анастасия Павловна Өскемендік полиция қызметкерлеріне көрсетілген көмек пен көңіл үшін алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Сондай-ақ, полицейлер қарт адамдарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтып, заңсыз қол сұғушылықтан қорғауға көмектесетін мінез-құлық ережелерін еске салады. Бұдан басқа полицейлердің байланыс ақпараттары бар тәулік бойы хабарласа алатын визиттік карточкалары табыс етілді. «Өскемен қаласының Полиция басқармасымен осындай игі іс-шара әрі қарай өз жалғасын табады»- деп мәлімдеді Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив