Тараздық тұрғынның кондиционер мен ет тартқышын ұрлап кеткен

Тараздық тұрғынның кондиционер мен ет тартқышын ұрлап кеткен

Тараз қаласының  полиция бөліміне 74 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адам үйіне жасырын кіріп, кондиционер мен ет тартқышын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 200.000 теңгені құрады.

Тараз қалалық полиция басқармасы 2-ші полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында  облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдікті заттарды сатып, ақша табу мақсатында ұрлағанын айтты. Сондай-ақ, оның ұрланған заттарды жартылай сатып үлгергенi де белгілі болды. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баппен 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив