Қаза тапқан полиция қызметкерін бір минут үнсіздікпен еске алды

Қаза тапқан полиция қызметкерін бір минут үнсіздікпен еске алды

Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Алматы» аудандық Полиция басқармасының саптық алаңында қаза тапқан полиция қызметкері Әбдіғаппар Ділмановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Елордалық полицейлер әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Қаза тапқан полицейдің рухына тағзым етуге туған-туыстары мен жақындары келді. Олардың қатарында анасы Бахтыгүл Қайырқызы да бар. Бүгінде ол басшылықтың осы уақыт арасында отбасын қолдап, ұмытпағанына ризашылығын білдірді.

Қайғылы оқиға осыдан 21 жыл бұрын қылмыскерлерді ұстау кезінде болған. 2001 жылдың 14 мамырында Железнодорожный кентінің тұрғыны өз үйінің ауласынан екі жылқы ұрланғаны туралы арызбен полицияның кезекші бөліміне жүгінген. Аталған қылмысты «ізін суытпай» ашу үшін оқиға орнына қызмет инспекторы полиция лейтенанты Әбдіғаппар Ділманов шыққан.

Іздеу тобының құрамында жүріп, түнгі уақытта темір жолды кесіп өтпек болған кезде ол пойыздың астына түсіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қаза тапқан Ішкі істер органдарының қызметкерінің есімін мәңгі есте сақтау үшін «Алматы» ауданы ПБ жанынан мемориалдық тақта ашылды. Елорда көшелерінің біріне Әбдіғаппар Ділмановтың есімі берілген.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив