Қызылордадағы түзеу мекемесіне Мәжіліс депутаты барды

Қызылордадағы түзеу мекемесіне Мәжіліс депутаты барды

Қызылорда қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Смағұл Бақытбек келіп, жеке құраммен кездесті. Сыр өңіріне іс-сапармен келген депутат Смағұл Бақытбек алдымен мекеме ішін аралап, тыныс-тіршілігімен және жеке құрамның жұмыс барысымен танысып шықты. Содан соң ҚАЖ департаменті және мекеме басшылығының қатысуымен жеке құрам арасында жиын өткізді

Жеке құраммен әңгіме барысында депутат ҚР ІІМ-де жүзеге асырылып жатқан жобалар , атап айтқанда, ішкі істер саласының жұмысының сервистік моделге көшуі, “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында ішкі істер органдарын бюрократиядан арылтып, қызмет салаларын цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндалды.

Сондай-ақ, депутат өз сөзінде қаңтар оқиғасы кезінде төтенше жағдай уақытында жеке құрамға ел қауіпсіздігін сақтау жолында уақытпен санаспай қызмет атқарғандары үшін, ел қауіпсіздігін сақтау жолында қырағылық танытып, соның ішінде ерлермен иық тірестіре жұмыс атқарған нәзік жанды азаматшалардың уақытпен санаспай, мемлекет мүддесі үшін қызмет атқарғандығына және сын сағатта ел тыныштығын қорғап, ел Тәуелсіздігін нығайту жолындағы адал қызметіне ризашылығын білдірді.

Мекеменің жеке құрамымен кездесу барысында депутат қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына көп мәнді өзгерістер мен толықтыруларды талқылады, сондай-ақ қызметкерлердің осы саладағы нормативтік-құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын тыңдады. Сөзінің соңында конституцияда ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығын тілге тиек етті. Жеке құрамның күнделікті сотталғандармен жұмыс барысында азаптау, қорлау фактілеріне жол бермеулерін айтып ескертті.

 – Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторы, қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 және ЗК-169/5 қауіпсіздігі аралас мекемелерінде бүгінгі таңда 1200 дей сотталған бар. Ал департаментке қарасты 2 қалалық 7 аудандық пробацияда 1000-ға жуық сотталғаннның есепте тұр. Бұның ішінде түзеу мекемелері мен пробация қызметтерінде 400-ден астам аттестатталған қызметкерлер жұмыс жасайды. Президент тапсырмасына сәйкес, түзеу мекемелеріндегі соқыр аймақтарды болдырмау үшін мекемелердің қызметтік үй-жайлары бейнебақылау камераларымен толықтай қамтылған, – деді Қызылорда облысы ҚАЖД бастығы міндетін атқарушы Ж. Әбдіқайыров.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив