Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.

Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның және жұртшылықтың өкілдері, сондай-ақ алқа мүшелері, Агенттіктің басшы және жеке құрамы, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар департаменттерінің басшылары, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің жеке құрамы (бейнеконференцбайланыс арқылы) қатысты.

Аймақтардың ерекшеліктері өздері үшін өзекті мәселелерді анықтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әрбір облыс және Республикалық маңызы бар қала үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі.

Бұл процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, шенеуніктердің асықпауына немесе озбырлығына, заңнаманың жетілдірілмеуіне байланысты шешімін таппайтын көкейкесті мәселелердің тізбесі.

Нәтижесінде, осы негізде жемқорлық схемалары және қолданыстағы нормалар мен ережелердің пердесімен жабылған мәселелерді заңсыз шешу мүмкіндіктері пайда болады.

Агенттік Төрағасының айтуынша, бұл тәуекелдер картасы нақты өңірдегі аумақтық органдардың жұмысы үшін бағдар болуы тиіс.

Бұл карта қызмет жұмысының сапасын бағалау жүйесінің негізі болады.

Бірнеше жолмен бағалау жоспарлануда:

  1. Ішкі бағалау – қабылданған шаралардың тереңдігі мен толықтығы. Сонымен қатар, қызметкерлердің кәсібилігі мен пайдалы жүктемеге баға берілетін болады.
  2. Қоғамдық бақылау – өңірдегі нақты басшы қызметінің сыбайлас жемқорлықты жоюға және «проблемалық» аймақтарды жоюға әсері. Мұнда бағалау құралы халық, бизнес, ҮЕҰ сауалнамалары болады.

Жалпы алғанда, Департамент басшысының нақты бағалауы, ол өз жұмысын жеңе ме, жоқ па деген түсінік береді.

«Басшы өңірдегі әлеуметтік маңызы бар проблемаларды негізге алып, оларды шешу бойынша тиімді шараларды ұсынуы және іске асыруы тиіс. Басты критерий - нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бағалаудың тағы бір критерийі – ұтымсыз немесе қылмыстық пайдалануға жол берілмейтін нақты ақша сомасы.

Сонымен қатар, бұл тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әлсіретпейді, керісінше, алдын-ала жұмыс істей отырып, тиімді әрекет етуге бағытталған.

«Біз алдын ала анықталған тәуекелдер туралы өңір әкімі мен бейінді министрлікті хабардар етеміз және объектіні сапалы және уақтылы салуға және пайдалануға беруге қол жеткіземіз. Бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметшілер мен мердігерлер, жасалған әрекеттің ауырлығына байланысты тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық тәртіппен жазаланады», - деді Антикор басшысы.

Бұл ретте жазаның бұлтартпастығы қағидатын ешкім жоққа шығармайды. Шағым немесе сыбайлас жемқорлық фактісі туралы белгі түскен жағдайда кез келген қызметкер заңды қарауды және қабылданатын шаралардың толықтығын қамтамасыз етуге міндетті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив