Петропавлда жалған қоңырау шалушы бір жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавлда жалған қоңырау шалушы бір жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавл тұрғыны жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлағаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды. 14 ақпанда масаң күйдегі ер адам «102» арнасына Заводская көшесіндегі үйдің подъезінде жарылғыш затпен тұрғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, жарғыш техниктер мен басқа да шұғыл қызметтердің өкілдері келіп жетті. Аталған үйдің жанында масаң күйдегі ер адам ұсталды. Жеке тексеру барысында ешбір жарылғыш қауіпті зат табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.  8 маусымда Петропавл қалалық соты оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім шығарды.

«Ер адамның заңсыз әрекеті қалалықтардың тыныштығының шырқын бұзды. Осындай оқиғалар меншік иелеріне материалдық шығын келтіре отырып, объектілердің жұмысына жиі кедергі жасайды, адамдардың тыныштығын бұзады, ғимараттарды тексеру үшін адамдарды эвакуациялауға тура келеді. «Телефон терроризмі» үшін ҚР ҚК 273-бабының санкциясына сәйкес ірі көлемдегі айыппұл мен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін естен шығармаған жөн», - дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Руслан Жарасбаев.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив