Жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығының 48 дерегі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6% - ға төмен.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығының 48 дерегі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6% - ға төмен.

Өңірде мал ұрлығымен күресу мақсатында  тұрақты негізде арнайы құрылған жедел-іздестіру топтары жұмыс жасайды, олар мал базарлары, мал сою орындары және ет саудасына қатысты  ретсіз орналасқан орындар бойынша  рейдтік іс- шаралар  жүргізеді.

Ұйымдастыру шаралары мен мақсатқа бағытталған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 5 айында мал ұрлығымен айналысқан 38 адам, сондай- ақ 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, барлығы қылмыстық  жауапкершілікке тартылды. Облыс аумағында ұрланған 900-ден астам мал басы табылып, иелеріне қайтарылды.

Мәселен, полицияға 28 жастағы ер адам арызданған. Оның айтуынша, оның жайылымдық жерлерінен белгісіз адам 14 жылқыны ұрлап, айдап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 5.600.000 теңгені құрайды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

-Сонымен қатар, наурыз айында жедел- алдын алу  іс-шарасы барысында облыс аумағында мал ұрлығымен айналысқан екі адамнан тұратын топ анықталып, ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында олардың Мойынқұм ауданының аумағында мал ұрлығын жасауға қатыстылығы дәлелденді. Қазіргі уақытта мал ұрлығымен айналысқан  тұлғалар бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр, - деп хабарлады Полиция департаментінің  Криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қанат Қожамқұлов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив