Петропавлда қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы орын алды

Петропавлда қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы орын алды

Маусымның 6-сы күні Петропавлда қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен екі жол апаты орын алды. Таңертең Набережная көшесінің бойында «Audi» көлігін басқарған 28 жастағы петропавлдық маневр жасау кезінде мотоциклмен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «Yamaha»-ның 34 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы жедел жәрдеммен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.

Кешкі сағат 7-де Потанин көшесінде «Renault Duster» көлігін басқарып келе жатқан жүргізуші «Alpha» скутерін байқамай қалып, соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 15 жастағы қала тұрғыны жарақаттар алды. Жол-көлік оқиғасы фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қ. Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

«Барлық жол қозғалысының қатысушыларын сақ болуға шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, қос дөңгелекті көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары әрқашан да бекітілген мотоцикл дулығасын киюі тиіс, жарық шамдары қосулы болуы қажет. 16 жасқа толмағандарға және жол қозғалысы ережелерін білмейтіндерге скутерлерді басқаруға тыйым салынған, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

Жыл басынан СҚО-да мотоциклдер мен скутерлердің қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы орын алды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив