СҚО-да екі кәмелетке толмаған велосипедші зардап шекті

СҚО-да екі кәмелетке толмаған велосипедші зардап шекті

Өткен жексенбіде СҚО жолдарында екі  кәмелетке толмаған велосипедші зардап шекті. Шамамен сағат 16:35-те Петропавл полициясына Н. Назарбаев көшесіндегі көлік қозғалысы реттелетін жолда белгісіз көліктің жүргізушісі 4-сынып оқушысын соғып кеткені туралы қоңырау келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз ауруханаға жеткізілді. Полицейлер жүргізушіні келесі күні анықтады. Аталған факті бойынша материалдар Петропавл қ. Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөліміне процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді. Ал шамамен сағат 21:00-де Қызылжар ауданында «Lada Granta» көлігімен соқтығысу салдарынан  жетінші сынып оқушысы зардап шекті. Ол да медициналық мекемеге жеткізілді.

«Кішкентай жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі – полиция қызметкерлерінің жаз кезіндегі негізгі мақсаттарының бірі, - деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Қазіргі уақытта облыста «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы шеңберінде қызметкерлер оқушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын түсіндіруде. Сондай-ақ, ата-аналар кәмелетке толмаған балаларының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын біліп жүргеніне көз жеткізулері тиіс».

Полицейлер велосипедшілерді жолмен тек 14 жасқа толған жағдайда ғана жүруге рұқсат етілгені, жолдың оң жағымен жүру, маневр жасау кезінде оның қауіпсіздігіне көз жеткізу қажеттігі туралы еске салады. Велосипедшілерге бір бағытта бірнеше жолағы бар жолда солға бұрылуға тыйым салынған. Жаяу жүргіншілер жолағынан велосипедтен түспей өтуге болмайды. Полицейлер ескерткендей, жаяу жүргіншілер өткелінен не болмаса бағдаршамнан өтер кезде велосипедтен түсіп, оны алып өту қажет. Велосипед мінген жүргізуші жол үстіне кенеттен шыға келсе, автокөлік тізгіндеген жүргізушілер уақтылы тоқтай алмай қалуы мүмкін. Автокөлік жүргізушілері жаяу жүргіншілер жолағына жақындаған кезде, сондай-ақ жолда велосипедші пайда болғанда, жылдамдықты түсіріп, аса сақ болуы қажет.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Erlinda 12 января 2024 02:47

    Hi there! This is kind of off topic but I need some help from an established blog.
    Is it difficult to set up your own blog? I'm not very techincal but I can figure things out pretty quick.

    I'm thinking about making my own but I'm not sure where to begin. Do you have any points or
    suggestions? Thank you

    Here is my page - escitalopram 5 mg disponible en Algérie

  2. аватар
    Karon 15 января 2024 09:06

    Normally I do not learn post on blogs, but I would like to say
    that this write-up very pressured me to take a look at
    and do it! Your writing style has been amazed me. Thanks, quite
    nice post.

    Also visit my website Phuc

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив