Жамбыл облысының ПД бастығы Балалар жылына арналған жоспарлар туралы айтып берді

Жамбыл облысының ПД бастығы Балалар жылына арналған жоспарлар туралы айтып берді

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, балалардың құқықтарын қорғау бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин хабарлады.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың нұсқауы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алумен қатар, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оқудан жалтарған жасөспірімдерге қатысты шаралар қабылдау, тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерінің жолын кесу де негізгі міндеттер болып табылады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша облыста кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 21%-ға азайды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері прокуратура органдарымен, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен бірлесіп, 540-тан астам рейдтік шаралар жүргізілді.

Ювеналдық полиция инспекторлары барлық мектептерде оқушылармен және олардың ата-аналарымен кең көлемде оқыту және түсіндіру сабақтарын өткізеді.

Бүгінгі күні балалардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, атап айтқанда, "Мен және менің полицейім" республикалық акциясы, "Полиция балалар көзімен" тақырыбында суреттер, шығармалар мен өлеңдер байқауы, балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте алдын алу іс-шаралары, Полиция департаментінің Кинологиялық орталығына экскурсиялар өткізілді. Сонымен қатар, ішкі істер органдары есебінде тұрған оқушылардың облыстың атақты спортшыларымен мотивациялық кездесуі ұйымдастырылды.

Білім беру мекемелерінің қабырғасында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында облыстың барлық 443 мектебі бейнебақылаумен жабдықталған. Дабыл түймелеріне қосылған орталықтандырылған бақылау пульттері 134 мектепте орнатылған. Турникеттермен 67 мектеп жабдықталған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Балалардың энергиясы дұрыс арнаға бағытталуы маңызды. 

Полиция бөлімдерінде есепте тұрған мектептердің 98 оқушысы мен колледждердің 42 студенті спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге қатысады.

Бұл істе әлеуметтік педагогтарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар құқық бұзушылықтың алдын алу, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, қиын жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізеді.

- Мемлекет басшысы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», - деп атап өткендей, олардың жақсы өмір сүруі - еліміздің табысты болашағының сенімді кепілі, - деп қорытындылады Арманбек Хакимбекұлы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив