ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ЫҚТИМАЛ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ЫҚТИМАЛ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық Антикор басшысы Серікжан Мырзалы мен Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековтың қатысуымен өткен мәжілісте ІІМ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында қол қойылған меморандум шеңберінде ынтымақтастықтың жаңа форматы және шкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету саласындағы одан әрі өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

             Бұрын қол қойылған құжат шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзара мүддені ұсынатын ақпараттарды алмасу, бірлескен жедел-іздестіру шараларын, сыбайлас жемқорлық мониторинтерін және тәуекелдерін жүргізу қарастырылған.

             «Біз полицияны сыбайлас жемқорлықпен күрес ісіндегі және тұрғындардың еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп күзетінде тұрған полициялардың адалдығы мен сатылмайтындығы туралы сенімділігін қалыптастырушы серіктес ретінде көреміз» - деп атап өтті кездесу барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Серікжан Мырзалы – қазіргі таңда полиция, оның ішінде полицияның аумақтық басқармалары мен бөлімшелерінің жұмысы негізінен барлық вертикал бойынша полиция қатарларындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын қатаң кесуге бағытталған. 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде біздің алдымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптсатыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша бірлескен үлкен жұмыс тұр».

             Талқыланған мәселелердің бірі шет ел азаматтарының көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша мониторинг қорытындысы болып отыр. Қостанай облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Дутпаев көші-қон қызметімен жыл басынан бері электронды форматта

57 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті.

             Антикормен проблемаларды жою, әсіресе ақпараттық жүйенің бірігуі бойынша ұсыныстар жобасы дайындалған. Көші-қон заңнамасын бұзу бойынша рейдтік шараларға тазалық пен ашықтық тетігін құру үшін жұртшылықты тарту қажет екені атап көрсетілген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив