СҚО полицейлері жеті күндік іс-шара барысында есепте тұрған барлық азаматтарды тексеруде

СҚО полицейлері жеті күндік іс-шара барысында есепте тұрған барлық азаматтарды тексеруде

Отбасылық жанжалқойлар, бұрын сотталғандар, маскүнемдікке салынған адамдар – есепте тұрғандардың барлығы учаскелік полиция инспекторларының жіті бақылауында. 7 ақпаннан бастап бұл жұмыстар жанданды – ел аумағында жеті күндік «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Күн сайын учаскелік полиция инспекторлары бұрын істі болғандардың мекенжайларына барып жағдайларын, олардың қойылған шектеулерді сақтауын тексереді. Сотты болғандардың жұмыспен қамтылуы да назарда. Тәртіп сақшыларының бұл реттегі міндеті – қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың есепте тұрған тұлғалар тарапынан және оларға қатысты жасалуының алдын алу.

Облыстың ең ірі елді мекені – Петропавл қаласындағы «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасына барлық он үш учаскелік полиция пунктінің инспекторлары жұмылдырылған. Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллинің ақпаратынша, соңғы үш күнде 350-ден астам адам тексерілген. Жалпы, қалалық полицияның профилактикалық есебінде 2486 тұлға бар. Оның 1134-і – маскүнемдікке салынғандар, 362-сі – бұрын сотталғандар, 111-і – бас бостандығынан айыру орындарынан шартты-мерзімінен бұрын босап шыққандар. Тексерулер барысында есепте тұрған тұлғаларға қойылған шектеулерді бұзудың 100-ден астам дерегі анықталды. 3 адам сот шешімімен арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіне емделуге жіберілді.

Жалпы, облыс бойынша операцияның басынан полицейлермен 456 тұлға тексерілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Есептегі барлық азаматтар тексеріледі. «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы 13 ақпанда аяқталады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив