Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жаңа жыл қарсаңында қамқорлыққа алынған балаларды құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жаңа жыл қарсаңында қамқорлыққа алынған балаларды құттықтады

Елордалық полицияның басшысы Ержан Саденов карантин шараларын қатаң сақтай отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-де болып, тәрбиеленушілерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Мұнда қонаққа келген шенді басшыларды балалар қуана қарсы алды.    

Полиция қызметкерлері балаларға сыйлық сыйлап көздерінен шаттық пен алғыс көру жағымды әсер екенін жеткізді.

«Балалар әрқашан жаңа жылдың басталуын ерекше сезіммен күтеді, олар өз тілектерінің орындалуына үміттенеді. Біздің департаменттің қызметкерлері жыл сайын тәрбиеленушілерге қажетті көмек көрсетеді және алдағы уақытта балаларды сыйлықтармен және ықыласпен қуантады», - деп атап өтті Е.Саденов.

        Балалар қонақтарға өздері дайындаған бағдарламаларын ұсынып: әндер орындап, өлеңдер оқып, би билеп көңілді конкурстар қойды. Содан кейін Аяз Ата және ақшақармен бірге жаңа жылдық шырша жағылды. Дөңгелек биден кейін балалар тәттілер мен сыйлықтар күтті.

        Орталық басшылығы өз кезегінде полицейлерге көп жылдық көмегі, қамқорлығы мен қолдауы үшін зор ризашылықтарын білдірді, ал қуанышты балалар дауыстап «Рахмет» деп айқайлады.

        Орталық директоры Бибігүл Такисова тәртіп сақшыларына ұйымдастырылған мереке үшін алғыс айтты. «Сіздің қамқорлығыңыз бен назарыңыздың арқасында балалар ең сиқырлы және көптен күткен мерекені көңілді және қуанышпен қарсы алды! Мейірімділік, назар және жауаптылық үшін рахмет!», - деді ол.

        Қонақтар балаларға жиі барып, сыйлықтар беріп, ұл қыздардың жетістіктеріне әрқашан қуанып жүреміз деп уәде етті. Балалардың жүздері жадырап бақытқа толды.

        Балалардың көздері әрқашан бақытқа толып көңілдері көтеріңкі болуы керек.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив