Жамбылдық  полицейлер

Жамбылдық полицейлер "Қауіпсіз жол"жедел- алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 8-17 қарашасы аралығында "Қауіпсіз жол" жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілді. Шараның  негізгі мақсаты жол қауіпсіздігінің алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері арасында көлік жүргізу  тәртібін арттыру және Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау бойынша жұмыстарды жандандыру болып табылады.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесті, оның ішінде мас күйінде көлік құралын басқарудың 35 дерегі анықталды.

Мәселен, "Қауіпсіз жол" жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде түнгі сағат 02:00 шамасында Тараз қаласының Прманов және Плеханов көшелерінің қиылысында 38 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы  "Тойота Карина" маркалы көлігі тоқтатылған. Тексеру барысында полиция қызметкерлері жүргізушінің бұрын сот органдары  тарапынан көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын, алайда соған қарамастан көлікті басқарып, мас күйде болғанын анықтады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Құқық бұзушылықтың бұл түрі бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді.

Жедел- алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5254 дерегін тіркеді.

Нәтижесінде ең өрескел бұзушылықтар келесідегідей болды:

- қарсы қозғалыс жолағына шығу-5дерек;                  

- апатты жағдай жасау-62 дерек;

- Көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдалану – 455 дерек;

- қауіпсіздік белдігі бекітілмеген-681 дерек;

- қауіпті маневр жасау – 344 дерек;

- жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына қозғалыс кезінде басымдық бермеу-781 дерек;

- құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы – 297 дерек;

- жаяу жүргіншілер арасында 781 бұзушылық дерегі анықталды.

Полиция қызметкерлерімен арнайы айып тұрағына Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін барлығы 123 көлік құралы қойылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив