СҚО ПД көші-қон қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетудің онлайн-жәрмеңкесінде желі қолданушылардың сауалдарына жауап берді

СҚО ПД көші-қон қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетудің онлайн-жәрмеңкесінде желі қолданушылардың сауалдарына жауап берді

СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері Медицина колледжінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша департаментінің бастамашылығымен өткен мемлекеттік қызмет көрсету онлайн-жәрмеңкесіне қатысты. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да ведомство өкілдерімен бірге, тәртіп сақшылары Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде және «ZOOM» платформасында сұрақтарға жауап берді. Қызметкерлер электронды форматта мемлекеттік қызмет көрсету жайлы айтты.

Желі қолданушылары негізінен жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу толғандырды. Шетелдік азаматтарды тіркеу жөнінде де сұрақтар қойылды. Сұрақтарға жауап бере отыра, көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдіктер тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында 30 күн, Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің азаматтары 90 күн бола алатындарын еске салды. Бұл ретте, өз дәрежеңді осы мерзім өткенше реттеу қажеттігін де атап өтті.

«Желі қолданушылары электронды форматта мемлекеттік қызметтің қандай түрін алуға болатыны жайлы сұрады, - деп хабарлады СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ермек Нұсырбаев. – Жыл басынан СҚО көші-қон қызметінің бөлістері 108 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 5319-ы электронды форматта, 1136-і баламалы негізде, яғни адамның таңдауы бойынша, 959 қағаз түрінде және 101 мыңнан аса мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетілді. Жұмыс халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшудің негізгі факторларының бірі болып табылатын қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарына негізделген. Өткен онлайн жәрмеңке халықты мемлекеттік қызметтерді жылдам және тиімді алу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпараттандыруға мүмкіндік беретін тағы бір алаңға айналды».

«Электрондық жәрмеңке» өткен 2 сағаттың ішінде КҚҚБ қызметкерлері желі қолданушыларынан 30-ға жуық сұрақ қабылдады. Әрқайсысына жан-жақты жауап берілді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив