Жеңіл ақша абырой әкелмеді

Жеңіл ақша абырой әкелмеді

Петропавлда «Antıkor ortalyǵy» алаңында Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 200-бабына сәйкес Петропавл полициясы басқармасының патрульдік полиция батальоны инспекторларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша ұсыным қаралды.

«Сотқа дейінгі тергеумен ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Аслан Құсайынов әріптесі Фархад Кәкеновпен бірге қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 150 000 теңге көлемінде жүргізушіден алдау жолымен ақша қаражатын иемденгені анықталдыә, - деп хабарлады СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Сол күні жәбірленуші аз.Х полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңсыздығын түсініп, өзінің ешқандай құқық бұзушылық жасамағанын анық біліп, СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жүгінді. Соңғысы жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында құқық бұзушыларды әшкереледі.

«Ағымдағы жылдың 12 қазанында Петропавл қалалық сотының үкімімен алаяқтық жасағаны үшін ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша Аслан Құсайынов пен Фархад Кәкеновке әрқайсысына он есе мөлшерде айыппұл салынды, бұл бір миллион бес жүз мың теңгені құрайды, сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда қызмет атқару құқығынан айырылды», - деді Нұрлан Жахин.

Сондай-ақ, ҚР ҚК 1-бөлімінің 49-бабына сәйкес Құсайынов «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан, сондай-ақ Кәкенов «полиция аға лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.

Спикердің айтуынша, патрульдік машинада орнатылған қызметкерлердің әңгімесін немесе әрекеттерін (әрекетсіздігі) жазатын бейнетіркегіштерді пайдаланбаған патрульдердің «еркінсінуі», Петропавл ҚПБ БПП тікелей басшылары тарапынан бақылаудың толық болмауының салдары болып табылады.

Кездесуге қатысқан СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаев ведомство басшылығы өз қатарларының тазалығына ерекше көңіл бөлетінін және азңдылық сақталмаған жағдайда ең қатаң шаралар қабылдайтынын атап өтті.

«Тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес, екі немқұрайлы қызметкердің кесірінен он басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Қапез Дәулетбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив