СҚО жолдарында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 663 бұзушылық анықталды

СҚО жолдарында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 663 бұзушылық анықталды

Солтүстікқазақстандық полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан болатын бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтті. 4 қазаннан бастап өңірде «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Операцияның бірінші күні полицейлер СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері, экология департаменті мамандарының, сондай-ақ СҚО бойынша «Бірінші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының» басшысы Руслан Асаубаевтың қатысуымен профилактикалық рейдке қатысты. Набережная көшесіндегі соңғы аялдамада бірқатар бұзушылықтар анықталды. Газ талдағышты пайдалана отырып, экологтар № 20 және № 6 екі маршруттық автобустарда шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерінің асып түскенін тіркеді. Патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 334-бабы бойынша хаттамалар толтырды.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов нақтылағандай, рейдтердің мақсаты анықталған құқық бұзушылықтардың саны емес, жолаушылар мен автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету болып табылады. Жыл басынан бұл қоғамдық көлік тарапынан болатын бұзушылықтардың алдын алу желісі бойынша үшінші жедел-алдын алу іс-шарасы. Қаңтар және маусым айларында өткізілген «Автобус» іс-шарасының алдыңғы екі кезеңінде жүргізушілер тарапынан 663 бұзушылық анықталды. Автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Автобус» Республикалық жедел алдын алу шарасы 13 қазанға дейін жалғасады.

Жалпы, осы жылдың 9 айында облыс жолдарында 122 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 163 адам жарақат алып, 23 адам қайтыс болған. Маусымаралық кезең қарсаңында; жаңбыр, көктайғақ және боран кезінде полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив