ШҚО-да тағы бір кәсіпорын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынды

ШҚО-да тағы бір кәсіпорын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынды

Ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте «Antikor Ortalygy» алаңында «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы шеңберінде «Қазэлектромаш» ЖШС-мен бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы кезекті келісімге қол қойылды.

«Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Шығыс Қазақстан облысының аумағында бұл жоба танымал және табысты іске асырылуда. Жобаның негізгі бағыттары-құқықтық қорғау, бизнес-процестерді оңтайландыру, реттеушілік ықпал ету, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық.

«КазЭлектроМаш» ЖШС ШҚО Семей қаласында 1991 жылы қызметінің негізгі бағыты кабель-өткізгіш өнімдерін өндіру болып табылатын кәсіпорын ретінде құрылды.

Келісімге қол қою кезінде ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Ж.Байділдин инвесторға қойылатын жалғыз талап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын мүлтіксіз сақтау болып табылатынын атап өтті. Департамент өз тарапынан құқықтық консультациялар, мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, Нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жолымен сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік құрылымдардың құзыреттілігі мен ашықтығы қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жалпы құны 334 млрд.теңге болатын 46 бизнес жобасына қатысты жүзеге асырылуда.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив