«Есіл» ауданы полиция басқармасының жеке құрамымен кездесу өтті

«Есіл» ауданы полиция басқармасының жеке құрамымен кездесу өтті

Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» ауданы полиция басқармасының жеке құрамымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы кездесу өткізді.

Кездесуге «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айтуғанов Мадияр Дүйсенәліұлы және Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр аудандық филиалы төрағасының орынбасары Шәріпжанов Айдос Серғазыұлы қатысты.

         Бақытжан Мақсұтұлы жеке құрамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамадағы өзгерістерді зерделеудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ жеке құрамға ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жоюдың маңыздылығын жеткізді.

Жеке құрам агенттіктің бастамаларымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер таныстырылды. Сонымен қатар, Мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту мәселелері және ҚР Қылмыстық кодексінің 366, 367 және 368 баптары, яғни пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу жөнінде түсіндірілді.

«Есіл» ауданы ПБ бастығы полиция подполковнигі М.Айтуғанов қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, барлығын этикалық нормаларды қатаң сақтауға шақырды.

Ақпарат үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Call-орталығы 1424.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив