ҚАЖ саласындағы бірге қызмет жасайтын  жұптар отбасы беріктігіне жауапкершілікпен қарайды

ҚАЖ саласындағы бірге қызмет жасайтын жұптар отбасы беріктігіне жауапкершілікпен қарайды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде 11 отбасылық жұп жұмыс жасайды. Олар қоғамннан оқшауланған  сотталған азаматтарды өмірге қайта бейімдеп тәрбиелеп жүрген мемлекеттік қызметкерлер. Темірдей қатаң тәртіпке бағынып, күрделі саланың ыстық-суығына төзіп, тегеурінді қызмет атқарып жүрген бұл жұптар, бақытты жанұя құрған отбасылар.

     Солардың ішіндегі Асқаров Сәбит пен Нұркен Жансаяның отау құрғандарына  екі жылдан асты.Екеуі де мектеп кезінде  форма киюді армандап өсіпті. Қалаған мамандықтары бойынша тиісті оқу орнын бітіріп келген екі жас маман, ЗК-169/1 тергеу изоляторына жұмысқа тұрады. Қызмет барысында бір ауысымға түскен олар, қыз бен жігіт ретінде бір-бірін ұнатып,көңіл жарастығы үйлескен соң, бас қосып, шаңырақ көтереді. Бүгінде сүйкімді бүлдіршіндері бар.

Келесі жұптар,  – Дулат пен  пен Гүлзада және Ақманат пен Асхат, отбасы құрғандарына жыл да, болған жоқ. Бұл жұптардың барлығы заңгер мамандығын игерген. Қызметте де, отбасында да көзқарастары бір арнаға тоғысқандар. Олар,  өзіне дейінгі осы саладағы бір шаңырақ астында тұрып, өмірде де қызметте де жарасымды жұп болып келе жатқан аға буын әпкелерінің үлгілі жанұялық өмірін үлгі тұтып жүреді.

  • Отбасылық жұптың бір салада болғанының артықшылығы көп.Екеуміз де сотталған азаматтармен жұмыс жасаймыз. Өйткені, жұмыс бабында бір-бірімізге көмектесіп, қиналған сәтте қолдау көрсетеміз. Кейде жұмыс барысымен кешігіп жатамын. Сондай сәттерде жолдасым Асхат түсіністікпен қарайды. Отбасы беріктігі осындай қарапайым кезеңдерде бір-біріне деген сенімділік пен жанашырлықтан тұрады», дейді ЗК-169/1 әділет сержанты, медицина бөлімінің мейірбикесі Ақманат Жанат.

 «Біздің ҚАЖ саласында қызметте болу өте күрделі. Соған қарамастан қызметкерлеріміз отбасы беріктігін сақтап, үлгі көрсетіп келеді.Өйткені мамандарды жұмысқа қабылдар алдында,жеке әңгімелесу өткізіп, адамгершілік-моральдік тұрғыдан артықшылық қасиеттеріне де, аса ерекше мән береміз. Және де, жас отбасылар мен көп балалы отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіп отырамыз.Қызметкерлеріміздің жанұя жарасылымдылығы олардың қызметтерінде сабырлы болып, емін-еркін жұмыс жасауына мол мүмкіндік тудырады. Сондықтан болар, ҚАЖ саласындағы бірге жұмыс жасайтын жұптар отбасы беріктігіне жауапкершілікпен қарайды- дейді ҚАЖ департаментінің кадр саясат тобының бас маманы ,әділет подполковнигі Ақерке Абжалиева.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив