Жазаларды орындау мекемесінің заңгері жас болса да, бас болып жүр

Жазаларды орындау мекемесінің заңгері жас болса да, бас болып жүр

Жас келсе іске деген , жұмысқа тұрғанына жарты жылдан енді ғана асқан ЗК-169/1 мекемесінің заңгер маманы Ділдабек Сәнсәулет Дәуренұлы осы уақыт ішінде өзіне міндеттелген жүктемені толық орындап,біршама жұмыстардың орындалуына мұрындық болып келеді.

Басты міндеті, заңды құжаттарды дайындау. Олар : келісім шарт, талап қою арызы, жергілікті актілер, т,б. көптеген мекеменің заңдастыратын құжаттары болып табылады. Соның ішінде, негізгі міндеттерінің бірі, жеке тұлғалардың өтініштері бойынша атқарған жұмыстарын ерекше айтуға болады.

Нақтырақ айтар болсақ, сотталғандарды некеге тұрғызу өтініші негізінде, АХАЖ бөлімімен бірлесе отырып, 4 азаматқа неке куәлігін алып берді. Жазалау орындарында некеге тұру сирек жайт . Алайда, бұндай жағдайларда неке тіпті көтермеленеді. Өйткені неке - қамаудағыны тәртіпке келтіріп, мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады Сәнсәулеттің айтуы бойынша, істі болып, темірторға қамалғандардың өмірлік серіктерінің қиын сәтте қолдап, махаббаттарын заңды түрде бекітуге келісім бергені, олардың бостандыққа шығуға деген құлшыныстарын арттырады. Содан ба, неке куәлігін ұсынғанда бұл азаматтар қуанып, мекеме басшылығы мен заңгеріне алғыстарын айтып жатады. Осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторында 3 жыл 6 айға сотталған С есімді жазасын өтеуші, қалыңдығымен некеге тұрып, неке қию туралы куәлігін алды.

- Мен, мекеменің заңгері Сансәулет Дәуренұлына алғыс білдіремін. Көңлім жарасқан жанмен некеге тұрып, заңдастырдым. Қамауда отырып, мұндай құқыққа қол жеткізгенім үшін қуаныштымын. Жас болса да, біраз шаруаны тындырып жүрген мекеме қызметкері еңбегінің жемісін көрсін демекпін, -деген болатын неке куәлігін алған сотталған .

Заңгердің жұмысына мекеме басшылығы да дән риза. Өйткені бұл маман, ең күрделі мәселе, айыпталушылардың атындағы мүліктерді заңдастырды. Біліктілігінің нәтижесінде күрделі істің де, күрмеуін шешіп, жемісті еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда 80-ге жуық сенімхат дайындады. Бұл сенімхаттар айыпталушылардың атындағы жылжымайтын мүліктері: үйі, жері және көліктері мен мүгедектігін алуы және кредиттерін тоқтату бойынша дайындалған құжаттар.

Сонымен қатар, сотта, мемлекеттік органдарда, ұйымның мүддесін таныстыру және қорғау барысында, нақты атқарған жұмыс нәтижелері де баршылық. Нақтырақ айтсам, мекеменің Тыл бөліміне «АвтоСервисҚұрылыс5» жеке кәсіпкерінің келісім шарт бойынша жасалынған уақытта азық-түлік тауарын жеткізіп бермегендіктен сотқа беріліп, сот шешімі бойынша жеңіп шыққан болатын. Бұл да, заңгердің жас болса да, білгір өз ісін дұрыс ұйымдастыра білгенінің нәтежиесі.

- Менің бұл мамандықты таңдауыма мектепте оқып жүргендегі құқық пәнінің мұғалімінің әсері зор болды.Оның үстіне өзім де бала күнімнен білікті заңгер болып, қоғамдағы әлсіз жандар мен балаларды қорғағым келетін. Тоғызыншы сыныпта адам, қоғам, құқық пәнін оқығаннан бастап мен өз алдыма мақсат қойдым. Болашақ мамандығым жайлы көз алдыма елестетіп, еліміздің тұңғыш ата заңы мен оның баптарын жаттап біліп жүруді азаматтық борышым деп таныдым. Көп ізденіп, жоғарғы білім алып, енді міне, мемлекет алдындағы өз міндетімді атқарып жүрмін, - дейді жас заңгер.

Өмірдің мәні айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету –деп Аристотель данышпан айтқандай , әлі отызға да толмаған заң мекемесінің заңгерінің алар асуы, шығар бигі әлі алда деп ойлаймыз. Бастысы қайтсем, еліме пайдам тиер екен деп, жалындап тұр жас маман. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Russell 9 сентября 2023 04:21

    Definitely consider that which you said. Your favourite justification appeared to be
    at the web the easiest factor to take into account of. I say to you, I certainly get irked at the same time as folks consider worries that they just don't realize about.

    You controlled to hit the nail upon the highest as well as
    defined out the entire thing with no need side-effects , other people can take
    a signal. Will likely be again to get more. Thanks

    Here is my website prijs van clomipramine zonder recept in Nederland

  2. аватар
    Colby 15 января 2024 07:43

    Good way of explaining, and fastidious piece of writing
    to take facts concerning my presentation focus, which i am going to deliver in college.


    My blog - Clancy

  3. аватар
    Boyce 10 апреля 2024 00:36

    Howdy! This article couldn't be written any better!
    Going through this post reminds me of my previous roommate!
    He continually kept preaching about this. I'll send this information to him.
    Pretty sure he will have a great read. Many thanks for sharing!


    Stop by my web blog :: Elisa

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив