Жамбылдық полицейлер COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін иммундық плазма доноры болды

Жамбылдық полицейлер COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін иммундық плазма доноры болды

Бүгін Жамбыл облыстық қан орталығында Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов пен Тергеу және Анықтау басқармаларының қызметкерлері COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін иммундық плазма тапсырды.

Өздеріңіз білетіндей, иммундық плазма COVID-19-дың ауыр түрімен ауыратын науқастарды емдеудің тиімді құралы ретінде танылды.

Коронавирустық инфекциямен ауырған адамдардың плазмасында осы ауруды тезірек жеңуге көмектесетін антиденелер бар, оны құю кезінде реципиентте пассивті иммунитет пайда болады.

Плазманы тек коронавируспен ауырғандар ғана емес, вакцина алғандар да тапсыра алады.

Індет басталғалы 2 жыл бойы жамбылдық полицейлер COVID-19-дың ауыр түрімен ауыратын отыздан астам науқасқа көмектесу үшін Жамбыл облысының медициналық ұйымдарының қан базасын толықтыра отырып, қан тапсыруда.

«Біз бүгін әріптестерімізбен бірге барлық қажетті талдауларды алдын ала тапсырып, донор болдық, бұл індеттің кезінде барлығымыз бірлесіп, оның таралуына жол бермеуіміз қажет», - деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив