Жамбылдық полицейлер Шу қаласының тұрғындарынан 30 келі есірткі затын тапты

Жамбылдық полицейлер Шу қаласының тұрғындарынан 30 келі есірткі затын тапты

2021 жылдың 15 шілдесінде "Қарасора-2021" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аймағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 27 және 61 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады. Тінту барысында олардан жалпы салмағы 30 келіге жуық "марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. Алынған есірткі затының салмағы 300 мың дозадан асады. Қара нарықта есірткінің мұндай мөлшерінің құны-шамамен 3 миллион теңге болады.

         "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны  үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру  түріндегі жаза қарастырылған", - деді Жамбыл облысының   Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Ұсталғандар кінәсін толық мойындады,  Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына  қамаққа алынды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив