СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында 44 сыбайлас жемқорлық фактісін анықтады

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында 44 сыбайлас жемқорлық фактісін анықтады

«Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Жарқын Ғалымовтың басшылығымен 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары бойынша жедел кеңес өтті, оның барысында превенция бағыты бойынша, сондай-ақ жедел-тергеу блоктарының жұмыс нәтижелері тыңдалды.

Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулиннің ақпараты бойынша, бөлімше есепті кезеңде 8 ұйымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 6 сыртқы талдау жүргізді, қорытындысы бойынша 141 ұсыным енгізіліп, оның ішінде 100 орындалды, оның ішінде 22 нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізе отырып.

Әкімшілік тәжірибе бойынша да нәтижелер бар.

«Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс шеңберінде 4,2 млн. теңге сомасына айыппұл сала отырып, 4 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды» - деп мәлімдеді Дамир Хабибулин.

Мысалы, сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарына жұмысқа орналастыру фактілеріне мониторинг жүргізу барысында бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактісі анықталды. Нәтижесінде ҚР ӘҚБК 681 бабы бойынша жүз қырық бес мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыреті бекітіліп, 15 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құқығы берілді.

Одан әрі жедел-тергеу бөлімшелерінің басшылары тыңдалды.

2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 51 қылмысты тіркеді, оның ішінде 44 сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал 419,7 млн. теңгені құрады, оның 415,7 млн.теңгесі немесе 99% - ы өтелді. Мемлекеттік органдардың 6 басшысы әшкереленді.

Ағымдағы жылы 11 адам сотталды, оның ішінде: 3 - бас бостандығынан айыруға, 1 - бас бостандығын шектеуге, 7-айыппұлға сотталды.

Кездесуді қорытындылай келе, ведомство басшысы қызметкерлерге қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтауды, сондай-ақ процестік қателіктерге жол бермеуді тапсырды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив