Ауыл педагогтары СҚО полицейлеріне алғыс білдірді

Ауыл педагогтары СҚО полицейлеріне алғыс білдірді

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаевқа ауылдық мектептерінің басшылығынан алғыс хаттар келіп түсті.

Тайынша ауданының №1 Чкалово орта мектебінің директоры Борис Галицкий Чкалово поселкелік полиция бөлімінің қызметкерлеріне өзінің ризашылығын білдірді. Соңғы жылы ауданда жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттер айтарлықтай төмендеді.

Тайынша ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің   ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Балғын Сыздықова бұл әр баламен мақсатты жүргізілген жеке жұмыстың нәтижесі екендігіне кәміл сенеді.

«Жасөспірімге жеке тұлға ретінде қарау маңызды», - дейді ол. - Әдетте «қиын бала» деп аталанатындарды біз полицияның жас серігі жұмысына тартуға тырысамыз. Бөлімге шақырып, жұмысымыздың маңыздылығын көрсетеміз. «Өтіріктің өрге баспайтындығын», кез келген қылмыстың шындығы ерте ме, кеш пе ашылатындығын жасөмпірімдер түсініп, өз көздерімен анық байқады.

Көбінесе балалар жол ережесін сақтау барысында белсенді болып, мектептегі тәртіпті де сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, басқаларды біз жазғы сауықтыру лагерьлеріне, спорттық клубтарға жіберуді ұсыныс жасаймыз – бұл олардың мүмкіндікті қалай немесе қай жерде көбірек жүзеге асырылуына байланысты болмақ».

Осындай хат Ғ.Мүсірепов ауданындағы Рузаевская ОМ директоры Лариса Когтевадан келіп түсті.  «Мен Рузаевка поселкелік полиция бөлімінің қызметкерлеріне, кәмелетке толмағандар сондай-ақ, олардың ата-аналарының  арасындағы  бірлескен профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге құқық бұзушылықтардың алдын-алу саласындағы ынтымақтастығы үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», - деп жазды ол. – Рузаевка поселкелік полиция бөлімінің барлық қызметкерлері жасаған қайырымдылық істеріне ерекше алғыс айтамыз: көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары жыл сайын азық-түлік қоржындарын, киім-кешектер, ойыншықтар, оқу құралдар мен велосипедтер алады».

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері мен мұғалімдердің бірлескен жұмысы әсіресе жазғы демалыс уақытында өзекті болып отыр. Қолайсыз отбасылар ерекше назарда, - дейді ол. – Үйді-үйді аралау, әңгімелер, рейдтер, құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жазғы лагерьлерде балалардың жол-көлік жарақаттарын алдын алу жұмысы әлеуметтік-психологиялық қызметпен, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен тығыз ынтымақтастыққа негізделген. Педагогтардың оң пікірі – бұл жер-жерлерде дұрыс тактиканың таңдалғанының белгісі». 

СҚО ДП баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив