СҚО-да жыл басынан 74 жол-көлік оқиғасы орын алды

СҚО-да жыл басынан 74 жол-көлік оқиғасы орын алды

Солтүстік Қазақтан облысында 5 ай ішінде 74 жол-көлік оқиғасы болған, онда 10 адам қаза тауып, 94-і жарақат алды.

Жыл басынан жаяу жүргіншіні қағып кетудің 27 фактісі орын алған, оның салдарынан екі адам қаза тауып, 26 адам жарақаттанған.

Жаяу жүргіншілер жолынан өту ережелерін және маневрлеу ережелерін бұзу, жылдамдықты асыру, ара қашықтықты сақтамау, реттеушінің белгілерін елемеу – ЖКО себептері алуан түрлі болуы мүмкін. Апаттылық жағдайы көбіне кешке жақын – ауыр салдарымен 12 ЖКО сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін, тағы 10-ы сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін жасалады. Келесі бір апаттылық қауіпті кез сағат 00:00-ден 04:00-ге дейін, бұл аралықта да 10 ЖКО болған.

Жол-көлік жарақаттары талдауындағы тағы бір алаңдатарлық көрсеткіш – мас жүргізушілердің кінәсынан болатын оқиғалардың саны. Бес айдың ішінде 11 факті, нақтырақ айтсақ, ауыр салдармен болған әр жетінші апат ішмдікке құмар жүргізушілермен жасалған. Соңы 2 адамның өліміне, 15 адамның жарақаттануына әкеп соқтырған. 

«Жолдарда апаттылықты азайту — полиция жұмысындағы басымдылықтың бірі, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Жол-көлік оқиғаларын талдау патрульдік полиция маршруттарын түзету, жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде бағыттаушы болып табылады. Қабылданатын шаралардың барлығы негізгі мақсатты көздейді: ЖКО жасау тәуекелін барынша азайту. Жол қозғалысының барлық  қатысушыларын сақ болуға және ЖЖҚ мұқият сақтауға шақырамыз — бұл жолдағы қауіпсіздіктің басты шарты». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

11 пікір

  1. аватар
    Maira 30 августа 2023 02:37

    I have been browsing on-line greater than 3 hours
    today, but I never found any fascinating article like
    yours. It's beautiful value sufficient for me. pioglit beschikbaar in Marokko my opinion, if all webmasters and bloggers made excellent content material as you probably did, the internet might be much more helpful than ever before.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив