Петропавлдық спирттік ішімдік үшін интернет-аляқтыққа барған

Петропавлдық спирттік ішімдік үшін интернет-аляқтыққа барған

Полицейлер интернет-алаяқтар көп жағдайда «электронды» түрде және адамдардың қаржы жағынан сауатсыздығын пайдаланып, олжаға кенеліп жатады. Петропавлда осындай жағдай орын алды.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының Екінші полиция бөліміне қала тұрғыны жүгініп, біреу оның атына шағын несие беру ұйымында несие ресімдегенін айтты. Полицейлер аталған ұйымның қосымшасы оның телефонына жүктелгенін анықтады, сонымен қатар оның өз телефонын басқа адамдарға қолдануға бергені белгілі болды. Олардың арасынан күдікті – бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, жәбірленушінің 27 жастағы танысы анықталды. 23 наурыз күні спирттік ішімдік алу үшін жәбірленушіге шағын несие алуды ұсынған. Ол келіскен, бірақ оны қалай жасау қажеттілігін білмейтінін айтқан. Сол уақытта күдікті оның телефонына қажетті қосымшаны орнатып, верификация рәсімін өткізіп, 4,5 мың теңге несие алған және ақшаны өз картасына аударған. Сосын жәбірленушіге мүмкін болмады деп телефонын қайтарған. Кейін ол ақшаны аударып, спирттік ішімдік алған, алайда жәбірленушінің қатысуынсыз ішімдік ішкен.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді», — дейді Екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов. — Барлықтарыңыздан өз телефондарыңыздың қауіпсіздігі жайлы ойлауыңызды, оларды құпия сөзбен қорғауды, бөгде адамға тапсырмауыңызды сұраймыз.  Ешкімге сіздің рұқсатыңызсыз өз құрылғыңызға тексерілмеген қосымша орнатуға жол бермеңіз. Егер сіз Интернеттен жүктелген бағдарламаларды қолданатын болсаңыз, оның жұмысы жайлы білуге тырысыңыз. Бөгде адамның атына несие ресімдеу қаскөйдің жәбірленушімен жеке қарым-қатынас кезінде орын алады, алайда мұндай схема қашықтықтан байланысу арқылы да жасалуы мүмкін. Сол себепті ешкімге өз құжаттарыңыздың фотосуретін жібермеген жөн». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив