Петропавлдық полицейлер есірткі саудасын ұйымдастырған күдіктіден 560-тан астам доза алды

Петропавлдық полицейлер есірткі саудасын ұйымдастырған күдіктіден 560-тан астам доза алды

Еш жерде жұмыс істемейтін 29 жасар петропавлдық полицейлердің назарына үш ай бұрын іліккен. Жедел уәкілдер осы уақытта жас жігіттің есірткі өткізуге қатыстылығын анықтау үшін жұмыс жүргізді. 24 наурыз күні Петропавл қ. ПБ ЕҚҚІБ қызметкерлері жігітті тұрғылықты мекенжайында ұстады.  Пәтерден өсімдік тектес заттар салынған пакеттер мен орамалар алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар марихуана және гашиш болып табылады. Әр есірткінің жалпы салмағы (1,5 кг астам марихуана, бұл 350 доза және 870 грамм гашиш, бұл 218 доза) аса ірі көлемге жатады. Бұдан басқа 3 ұялы телефон, ақша қаражаттары, банк карталары алынды. Сол күні негізгі фигуранттан есірткі сатып алып, қала көшелерінде саудалаған 24-26 жас аралығындағы төрт сыбайласы ұсталды. Есірткі өткізуді ұйымдастырудағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Талайлардың тағдырларын тәлкекке салатын уды күдіктінің өзі татып көрмеген,- дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. – Күдіктіні ұстаумен қатар, тарату тізбегін анықтау маңызды болды. Есірткі құралдарын өткізгені үшін 20 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын  еске саламыз».

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив